Астана қаласының білім басқармасы ата-аналарға үндеу жасады
25.08.2025 08:39
Фото:
facebook.com/bilimastana
Астана қаласының білім басқармасы елордалық ата-аналарға балалардың мектеп формасына қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомство ақпаратынша, жауапты министрліктің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес мектеп оқушылары бірыңғай қою көк түсті мектеп формасын кию белгілінген. Ата-аналар осы талапты орындауы қажет. Бірақ форманы әркім өзі қалаған сауда орнынан сатып ала алады.
Ата-аналар бірыңғай үлгіге сәйкес мектеп формасын кез келген сауда орнынан қолжетімді бағада өз таңдауларына қарай сатып ала алады. Мектеп тарапынан ата-аналарды белгілі бір дүкеннен немесе өндірушіден мектеп формасын сатып алуға міндеттеу заңнамаға қайшы екенін назарларыңызға саламыз,-делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

