Жаңалықтар

Астана прокуратурасы 17 сайтты бұғаттады

«Q» сайтында мекенжайлары мен деректемелері көрсетілген есірткі құралдары ашық жарнамалаған
Астана прокуратурасы 17 сайтты бұғаттады
Фото: qazaqtimes.com 15.11.2022 05:29 1322

Астана прокуратурасы есірткі жарнамалайтын 17 сайтты анықтап, бұғаттады, деп хабарлайды El.kz елорда прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында синтетикалық есірткінің таралуының өсуіне ерекше назар аударылды.

Синтетикалық есірткі қоғамға үлкен қауіп төндіреді.

Осы орайда Қалалық психикалық денсаулық орталығының наркологиялық блогына жатқызылғандарың өскені байқалды, 2021 жылы 2 080 пациент, 2022 жылдың 10 айында 2 126 пациент.

"Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде көптеген «синтетика» жарнамалары қолжетімді. Елордалық прокуратура осындай 17 сайтты анықтады. Мысалы, «Q» сайтында мекенжайлары мен деректемелері көрсетілген есірткі құралдары ашық жарнамаланды. Қабылданған шаралар арқылын барлық 17 есірткі сайты бұғатталды. Есірткінің таралуын болдырмау жөніндегі жұмыс уәкілетті органдардың ерекше бақылауында бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға