Жаңалықтар

«Астана Опера» ұлттық спектакльдерге костюм жасаудағы құпияны ашты

«Астана Опера» ұлттық спектакльдерге костюм жасаудағы құпияны ашты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 12.03.2024 02:35 713

Еліміздің басты мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында костюмдер бойынша дизайнер Дариға Тайшықова ұлттық опералар мен балеттердің жабдықтарын жасау құпиясын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың «Біржан – Сара», Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» сынды операларында тарихи қағидаларды қатаң ұстану байқалады, сондай-ақ стиль қалыптастыру тәсілі қолданылады, бұл музей жұмыстарында жасалатындай шамадан тыс реконструкциялауға кетіп қалмауға мүмкіндік береді.

Репертуардағы басқа да спектакльдерде, мәселен Е.Рахмадиевтің «Алпамыс», Б.Қыдырбектің «Қалқаман – Мамыр» операларында кейіпкерлердің бейнелері секілді костюмдердің тарихи нақтылығы талап етілмеген. Мұндай спектакльдермен жұмыс әрдайым қарқынды болады, матаның текстурасымен қызу тәжірибе жасалады.

Ұлттық киімде көптеген нышандар мен мағыналар түйінделген. Қазақша костюм адам тұрмысының өткен шақ пен қазіргі уақытты біріктіретін тұтас дүниетанымдық жүйесін қамтиды. Дәстүрлі киімге қарап адамның қандай рудан және өңірден екенін, қандай дәрежеге ие екенін түсінуге болады. Сондықтан тарихи мұра мен ережелерді сақтау және тағы бір маңыздысы, осы білімді ізбасарларға беру мақсатында материалдық-мәдени құндылықтармен ұқыпты жұмыс істеу қажет, – дейді дизайнер Дариға Тайшықова.

Қазақша костюмдер жиі меруертпен және асыл тастармен бедерленіп, күміспен, алтынмен безендіріледі. Бұл элементтерді бутафор цехында арнайы әзірлейді. Мәселен, Е.Рахмадиевтің «Алпамыс» спектаклі үшін, жалпы алғанда шамамен мың металл элементтер мен әшекейлер дайындалды. Олар жеке зергерлік бұйым ретінде де қолданылды, сондай-ақ жабдыққа әшекей ретінде де тігілді. Сондай-ақ ұлттық киім-кешек қолдан тоқылған кесте, аппликация, принт, бисер, тастармен және қазақ мәдениетінде тұмардың рөлін атқаратын басқа да көптеген заттармен безендіріледі.

Дизайнердің айтуынша, операларға ұлттық костюмдер жасаудың қыр-сыры олардың көп құрамдылығын көрсету мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ал балетке киім жасауда күрделі хореографиялық нөмірлерді орындау кезінде үстеріндегі костюмдері әртістерді қимылдатпай тастамас үшін технологиялық жаңарту, бөлшектерді өзгерту жұмыстарын жасау қажет болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға