Жаңалықтар

Астана мен Шымкентте соттар біріктірілді

Астана мен Шымкентте соттар біріктірілді
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 18.05.2023 00:38 1084

Астана мен Шымкент қалаларындағы азаматтық және қылмыстық істерді қарайтын аудандық соттары біріктірілді. Бұл туралы ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров Астана және Шымкент қаласы соттарының басшылығымен өткізген кеңесте осы мазмұндағы Мемлекет басшысының 2023 жылғы 15 мамырдағы №216 Жарлығын іске асыру мәселелері қаралды, делінген хабарламада.

Талқылауға Астана және Шымкент қаласы соттарының төрағалары Ақан Жұмағұлов пен Ербол Рахымбеков, біріктірілген соттардың судьялары мен Сот әкімшілігінің Астана, Шымкент қалалары бойынша департаменттерінің басшылары Елдос Жұмақсанов пен Берік Мейрханов қатысты.

Бірінші сатыдағы соттар (8-і Астанада және 4-еуі Шымкентте) азаматтық және қылмыстық юрисдикциялы ауданаралық соттар болып қайта құрылды. Тиісінше қайта ұйымдастырылған соттар төрағаларының лауазымдары судья лауазымдары болып өзгертілді.

Астана бойынша: Алматы, Есіл, Сарыарқа және "Байқоңыр" аудандық соттары азаматтық істер бойынша ауданаралық сот болып (Г. Әлиев көшесі, 6-үй), ал Алматы, Сарыарқа, Есіл және "Байқоңыр" аудандары бойынша №2 соттар қылмыстық істер бойынша ауданаралық сот болып біріктірілді (Кенесары көшесі, 3-үй).

Шымкент бойынша: Еңбекші, Абай, Әл-Фараби және Қаратау аудандық соттары тиісінше азаматтық істер бойынша ауданаралық сот болып (бұрынғы Еңбекші және Абай соттарының ғимараттарында) және ауданаралық қылмыстық сот болып біріктірілді (Тыныбаев көшесі, 42-үй).

Аталған реформа соттылық мәселелері бойынша әуре-сарсаңды жоюға, жүктемені біркелкі бөлуге және бірыңғай сот практикасын қалыптастыруға ықпал ететіні нақтыланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға