Астана мен Көкшетау арасындағы жол жабылды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
23.12.2022 22:29
Фото:
24.kz
Астана мен Көкшетау қаласы арасындағы жол жабылды, деп хабарлайды El.kz «ҚазАвтоЖол»-ға сілтеме жасап.
Боран мен нашар көріну салдарынан сағат 18:00-ден бастап Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейін автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді, - делінген компания таратқан хабарламада.
Сонымен қатар Ақмола өңірінде Зеренді кентінен Атбасар қаласына дейін автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

