Жаңалықтар

«Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасына үкім шықты

«Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасына үкім шықты
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 11.11.2024 20:28 394

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ауыр салдарға алып келген лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген айып тағылған Талғат Арданға қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Іс сотталушыға қатысты халықаралық іздеу жарияланғандықтан оның қатысуынсыз сырттай қаралды.

«LRT» ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы қызметтің мүдделеріне қайшы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, нақты қажеттіліксіз LRT құрылыс жобасы бойынша Қытайдың мемлекеттік даму банкінен сыртқы қарыздың бірінші траншы ретінде 257,6 млн АҚШ долларын заңсыз сұратқан. Қаражат түскен сәттен бастап олар жоба бойынша пайдаланылмаған. 2018 жылғы 26 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен банктің қызметі мәжбүрлі түрде тоқтатылды. Осылайша аталған жобаны іске асыру бұзылды, Қытай банкінен алынған қарыз ЖШС-іге қайтарылмады және ақшалай қаражат нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай, «City transportation systems» ЖШС-іне 85 млрд  теңгеден астам шығын келтірілгендіктен оның әрекеттері ауыр салдарға алып келген. Айта кетейік, бұған дейін Талғат Ардан Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 03.05.2023 жылғы үкімімен аса ірі мөлшерінде бюджет қаражатын талан-таражға салғаны үшін сырттай 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сот үкімімен А. Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. ҚК 58-бабының 6-бөлігі қолданылып, соттың 03.05.2023 жылғы үкімі бойынша тағайындалған жазаны ішінара қосу арқылы түпкілікті мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, А.-дан «City transportation systems» ЖШС-нің пайдасына 85 млрд теңгеден астам материалдық шығын өндірілді,-делінген сот ақпаратында.

Іс бойынша ЖШС алған мемлекеттік қарыз, шарт бойынша бақылау жүзеге асырылмағандықтан, Қаржы министрлігі тарапынан лауазымды тұлғалардың немқұрайлылығы фактісі бойынша прокурордың атына жекеше қаулы шығарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға