Жаңалықтар

Astana LRT жобасын аяқтауға қосымша қаржы бөлінеді

Astana LRT жобасын аяқтауға қосымша қаржы бөлінеді
Фото: El.kz 28.02.2023 13:44 1009

2023 жылғы сәуірде Astana LRT жобасын аяқтауға 50 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Биыл Astana LRT құрылысына 50 млрд теңге қосымша қаржы қарастырылған. Бүгін таңертең республикалық бюджет комиссиясының отырысы болды. Сонда тиісті қаржыны бөлу мәселесін қарастырдық. Республикалық бюджеттен қаржыны бөлу мәселесі Парламентте талқыланып, қаулыға қол қойылуы керек. Менің ойымша, биыл сәуірде қаржы Астана әкімдігіне беріледі», - деді министр Үкімет отырысынан соң.

Ол жоба құрылысы қайдан басталатынына тоқталды.

Біз әкімдікпен де сөйлестік. Олар екі мәселені көтерді. Біріншіден, жобаны әуежайдан бастаймыз деді. Екіншіден, вагондар сатып алуды қаржыландырамыз деп отыр. Вагонды қай жатқан сатып алынатынын айта алмаймын. Биыл жоба іске қосылмайды, - деді Марат Қарабаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға