©El.kz/Арман Мухатов

Астана LRT станцияларының атаулары бекітілді

Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) станцияларының ресми атаулары бекітілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар LRT желісінің станцияларына атау беру мәселесін қарады.

Мәслихат депутаттары мына атауларды мақұлдады:

101 – «Әуежай»;
102 – «Атамекен»;
103 – «Есіл»;
104 – «Мәңгілік ел»;
105 – «Астана жұлдызы»;
106 – «Нұра»;
107 – «Университет»;
108 – «Ұлы дала»;
109 – «Астана Арена»;
110 – «Жекпе-жек сарайы»;
111 – «Сығанақ»;
112 – «Бәйтерек»;
113 – «Министрліктер үйі»;
114 – «Ұлттық музей»;
115 – «Театр»;
116 – «Мыңжылдық аллеясы»;
117 – «Жібек жолы»;
118 – «Нұрлы жол».

Жүйенің сынақтық іске қосылуы 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Бұл кезеңде пойыздар жолаушыларсыз жүретін болады.