El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Астана күні: демалыста ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

04.07.2025 12:45

Астана күніне байланысты 7 шілде, дүйсенбіде ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Сенбі, 5 шілдеде кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс күні бір сағат бұрын басталып, бір сағат бұрын аяқталады.

8 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кестеге сай қызмет көрсетеді.

Бұған дейін қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалатынын туралы жазған едік.