Жаңалықтар

Астана көшелерін су басты

Астана көшелерін су басты
Фото: ©El.kz 09.08.2024 21:16 421

Астанада бірнеше күннен бері жауын-шашын толастар емес. Салдарынан қала көшелерін су басып, жеңіл көліктер тұрмақ қоғамдық көліктердің өзі жүре алмай жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» мәліметінше, екі күн ішінде Астанада 48 мм жаңбыр жауған, айлық норма – 31 мм. Яғни екі күн ішінде жауын-шашын мөлшері 1,5 айлық мөлшерден асып түсті.

Коммуналдық қызметтер толықтай күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қала бойынша 200 бірліктен астам арнайы техника жұмылдырылды, олар жергілікті орындарда су сору жұмысын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта жаңбыр тоқтаусыз жауып тұр.

Толассыз жаңбырға байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектелген:

- Тұран даңғылының Керей-Жәнібек хандар көшесінен Ұлы Дала даңғылына қарай;
- Хусейн Бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына қарай;
- Ұлы Дала даңғылының Қабанбай батыр даңғылынан Айтматов көшесіне дейін;
- Нәжімеденов көшесінің Тәуелсіздік көшесінен Аманжолов көшесіне дейін.

Қала тұрғындары мұндай қолайсыз ауа райында сыртқа шықпағаны жөн.

Айта кетейік, коммуналдық қызметтер коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау, су бұру, нөсерлі кәріз жүйелері мен тазарту құрылысын салу және т.б. бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға