Астана көшелерін қардан 2 мыңнан астам жол қызметкері тазартуда
27.12.2023 21:31
Фото:
gov.kz
Қыс мезгілі келіп, жауын-шашын мол болған кезде елорданың мемлекеттік қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
27 желтоқсан күні таңертеңнен бері 2,3 мыңнан астам жұмысшы мен 1600-ге жуық арнайы техника қала көшелерін қар мен мұздан тазартуда.
Өткен түнде елорда көшелерінен 16 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Ол үшін ауыр жүк көліктері қар үйінділеріне 1200-ден астам рейс жасады.
Жалпы, қыс маусымы басталғалы қаладан 600 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл шамамен 48 мың жүк көлігіне артылатын жүк көлеміне тең.
Жұмыс тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіледі. Сондай-ақ, тұрғындардың ыңғайлы жүріп-тұруы үшін қала бойынша жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы жүйелі түрде себілуде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

