Астана көшелерін неге су баса береді - әкім жауап берді
Мөлдір Қайнар тілші
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек неге қала көшелеріне су баса беретінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, су басатын жерлердің саны едәуір қысқарған.
Мұндай жердің (еск. - су басатын) саны 200-ден астам еді, қазір 4 жер қалды. Биыл күзде үлкен жұмыстар атқарылды. Қосымша коллекторлар (су ағарлар) салынып, су сорғылар қойылды. Енді көктемде Тұран даңғылыныда және Мәңгілік ел көшесінде мәселе болмайды деп жоспарлап отырмыз, - деді Жеңіс Қасымбек.
Сонымен қатар, әкім жаңадан ашылып жатқан көшелерде мәселе қандай болатынын уақыт көрсететінін жеткізді.

