Астана көшелерін 300-ден астам жұмысшы қардан тазалап жатыр
21.01.2025 01:18
Фото:
Видеодан кадр
Астанада қаланың коммуналдық қызметтері қар күреу бойынша тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
20 қаңтарда түнгі ауысымда қар тазалау жұмыстарына 1400-ден аса арнайы техника мен 300-ден астам коммуналдық қызметкер жұмылдырылды. Ал күндіз 2868 үлкен ауыр жүк рейсімен 36 мың текше метрге жуық қар шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 278 607 рейспен 3,5 млн текше метрден астам қар шығарылды.
Қала әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұрайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

