Жаңалықтар

«Астана» Конференция лигасында «Челсимен» кездеседі

«Астана» Конференция лигасында «Челсимен» кездеседі
Фото: uefa 30.08.2024 22:27 764

Монакода УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеребе қорытындысы бойынша «Астана» футбол клубы қарсыластарын білді. Ал олардың арасында Англияның азулы «Челси» клубы бар.

УЕФА баспасөз қызметінің мәліметінше, елордалық ұжым жуық арада Кипрдің АПОЭЛ және «Пафос», Португалияның «Витория», Уэльстің «Нью-Сейнтс» және Сербияның ТСЦ, сонымен қатар Англияның «Челси» клубымен кездеседі.

Григорий Бабаян шәкірттері барлығы алты матч: үшеуін үйде, үшеуін сырт алаңда өткізеді. «Астана» Қазақстанда «Челси», «Витория» және ТСЦ клубтарымен ойнаса, сырт алаңда АПОЭЛ, «Нью-Сейнтс» және «Пафоспен» өзара кім мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, кеше ғана астаналық ұжым Норвегияның «Бранн» клубынан басым түсіп, Конференция лигасының топтық кезеңіне өткен болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға