Астана-Көкшетау тас жолы жабық: 600 жолаушы пойызбен эвакуацияланады
12.10.2024 16:46
Фото:
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
Ұлттық тасымалдаушы Астана-Көкшетау тас жолының жабылуына байланысты 600 жолаушыны пойызбен эвакуациялайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауа райының қолайсыздығы және Астана-Көкшетау тас жолының жабылуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауда. 2024 жылғы 12 қазанда «Астана-Көкшетау-Астана» бағыты бойынша жүретін №327/328 және №623/624 пойыздарына 13 қосымша вагон қосылды. Бұл шаралар шамамен 600 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.
Ұлттық тасымалдаушы қолайсыз ауа райы кезінде жолаушылар тасымалын қатаң бақылауда ұстайды. Қазіргі таңда Ұлттық тасымалдаушының қызметкерлері пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етіп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

