Жаңалықтар

Астана интернет сапасымен әлем бойынша 72-орынға көтерілді

Астана интернет сапасымен әлем бойынша 72-орынға көтерілді
Фото: © Pixabay.com 25.07.2023 11:34 1752

Үкімет үйінің кулуарында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин байланыс тарифтерінің өсуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министр сапаны халықаралық ұйымдармен жасалып жатқан рейтингтер бойынша салыстыратынын атап өтті. Бірақ байланыс жүйесінің нашарлығы соншалық, тіпті автобустарда жолақысын төлей алмай жатқандар көп. Интернет сапасының қашан жақсаратынын және бағасына сапасы қашан сай болатынын сұраған тілшілерге әлем бойынша Астана қаласы барлық қаланың ішінде 35 позицияға өсіп, 72-орынға табан тірегенін айтты. 

Оқи отырыңыз:

Бұрын жүздің айналасында болдық. Халықаралық рейтингке сүйеніп, сапа бойынша істелініп жатқан жұмысымызды ескеріп, олар бүгінгі күні осындай баға беріп жатыр. Яғни жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өзімнің де шағымдарым бар. Кейбір орындарда байланыс сапасы сын көтермейді. Біз тексеру жұмыстарын жүргізген кезде БАҚ өкілдерін шақырамыз. Сіздер де Speedtest халықаралық рейтингіне сүйенсеңіздерші. Егер осы халықаралық рейтинг Астананың 35 позицияға көтерілгенін жазса демек біз 35 қаланы озып кеттік. Тіпті, Токионы басып оздық. Сол рейтингті жасаған мен емес қой!?», – деді министр. 

Сондай-ақ ол байланыс саласы тарифтері адам басына шаққанда 16 пайызға өскенін және Қазақстан 15 гигабайт жоғары трафикті қолданып жатқанын атап өтті. Ал халықаралық дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 9 гигабайттан аспайтынын айтты. 

Бұл деген сөз – біздің цифрлық дамуымыздың жақсы көрсеткіші. Ал операторларға жүгінетін болсақ, олар инвестиция талап етеді. Біздің де саламыз сол басқа сала сияқты инвестицияны талап етіп жатыр. Қазір Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірігіп, тарифті көтермейік десек, 10 жылдан кейін не істейміз? Инфрақұрылым әлсіз болады. Сол себепті халықаралық деңгеймен салыстырып, солармен бірге жүріп жатырмыз. Ал тарифтерді өсіру-өсірмеу – бұл операторларға қойылатын сұрақ. Өйткені біздің министрлік тарифтерді реттеу механизмін қолданбайды. Бұл қызмет бізге жүктелмеген, – дейді Бағдат Мусин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға