Астана халықаралық әуежайы әкімдік балансына өтті
16.01.2025 19:02
Фото:
©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ
Астана халықаралық әуежайы елорда әкімдігінің балансына қайта өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шартының мерзімінің аяқталуына байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті.
2025 жылдың 7 қаңтарында мерзімі аяқталған сенімгерлік басқару шарты 2023 жылдың 7 қарашасынан басталған.
Қазір елордалық әуежай акцияларының иесінің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен «Terminals Astana Airport Management» ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасуға дайындық жүріп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

