Астана емханаларына жаңа автокөліктер берілді
Астана емханалары жаңа автокөліктерге ие болды, деп хабарлайды El.kz Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Автопарк шұғыл жетудің 4-санатына, үйге, мобильді бригадаларды тасымалдауға шақыруларды орындау үшін тағы 50 автокөлікпен толықтырылды.
Биыл қыркүйек айының басында жедел медициналық жәрдем станциясына 55 арнайы машина берілді. Жалпы алғанда, қаланың медициналық мекемелері мен жедел медициналық жәрдем станцияларының автопаркі соңғы жылдары 200-ден астам автокөлікпен толықтырылды.
Соңғы үш жылда медициналық мекемелер 3 мыңға жуық арнайы жабдықтармен жарақтандырылды, 40 «Үй жанындағы дәрігер» нысаны ашылды (оның 7-сі тұрғын алаптарында), жыл соңына дейін тағы 10 «Үй жанындағы дәрігер» нысаны ашылады, бірқатар медициналық мекемелерде жөндеу жұмыстары жүргізілді. 4 медициналық мекеме құрылысы бойынша жобалар іске асырылып жатыр.
Астанада перзентханалардың, «Жағалау-3» амбулаториялық-емханалық кешендерінің және «Нұрлы жол»вокзалы ауданында, Көктал-1 ЖМ алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары, Тельман, Пригородный құрылысы жоспарланған.