Жаңалықтар

Астана «Біріккен қалалар мен жергілікті биліктер» дүниежүзілік ұйымының құрамына кірді

Ұйым өкілдері атап өткендей, оның құрамына БҰҰ-ның 140 елінен бас-аяғы 240 000 муниципалитет, аймақтар мен мегаполистер кіреді
Астана «Біріккен қалалар мен жергілікті биліктер» дүниежүзілік ұйымының құрамына кірді
Фото: instagram.com/akimat__astana 18.10.2022 06:16 1694

Астана «Біріккен қалалар мен жергілікті биліктер» дүниежүзілік ұйымының құрамына кірді. Бұл туралы El.kz әкімдіктің желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ұсыныс аталмыш ұйымның дүниежүзілік кеңесінің («United Cities and Local Governments») отырысы барысында қолдау тапты. Қала әкімі Алтай Көлгінов ұйымның тең төрағасы болып сайланды.

Дүниежүзілік ұйымға ену қатысушы елдер арасында тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді көтеруге және оларды кешенді шешу ісіне жәрдемдесуге, қалалардың әлеуетін таныстыруға, қалаға қосымша инвестициялар тартуға және т.б. мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік Біріккен қалалар мен жергілікті биліктер ұйымы – муниципалитеттердің, мегаполистердің және аймақтардың, сондай-ақ олардың бірлестіктерінің 2004 жылы құрылған ғаламдық желісі. Ұйым өкілдері атап өткендей, оның құрамына БҰҰ-ның 140 елінен бас-аяғы 240 000 муниципалитет, аймақтар мен мегаполистер кіреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға