Жаңалықтар

Астана автотұрақтарының төлем жүйесі онлайнға көшті

Астана автотұрақтарының төлем жүйесі онлайнға көшті
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 10.09.2023 15:43 901

Автокөлік иелерінің 99%-ы тұрақ ақысын мобильді қосымшалардың көмегімен төлейді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

«Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС ақпаратынша, транзакцияның тек 1%-ы паркоматтарға тиесілі.

«Заманауи төлем әдістерін қолданудың күннен-күнге артуымен паркоматтар автокөлік иелері арасында танымалдылығын жоғалтты. Осыған байланысты көше паркоматтарын демонтаждау туралы шешім қабылданды. Мердігер жыл соңына дейін жұмысты аяқтауға уәде береді және барлық шығынды өз мойнына алады. Сондай-ақ компания тұрақ ақысын төлеудің балама тәсілдеріне astanapark.kz сайтындағы жеке кабинет, терминалдар және «Касса24» сайты жататынын еске салады.

«Ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін автотұрақ тегін. 2023 жылдың 1 қазанынан бастап демалыс және мереке күндері автотұрақтар ақылы болады, бұл көшелердің өткізу қабілетін тұрақты түрде арттырады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта ақылы автотұрақ шекарасындағы жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін тегін тұрақ жасау туралы ұсыныс қарастырылуда. Ақылы автотұрақтар ұйымдастырылған үйлердің тұрғындары оларды енді тегін пайдалана алады», -дейді «Астананың көлік тұрақ кеңістігі» ЖШС компаниясы.

Алғашқы ақылы автотұрақтар елордада 2018 жылдың қаңтарында іске қосылды. Ақылы тұрақ орындары Астананың меншігіне тиесілі.

Ақылы тұрақ жобасының негізгі міндеті – көше-жол желілерінде көлік қазғалысын азайтуды қамтамасыз ету.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға