Елорда әуежайында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ұшу-қону жолағы белгілі бір мерзімдерде жабылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жабылу кестесі мынадай:
- 1-4 қыркүйек,
- 8 қыркүйектен 31 қазанға дейін күн сайын сағат 10:00–18:00 аралығында.
Осы уақыт аралығында әуе кемелерінің ұшып-қонуына рұқсат берілмейді.
Ал 5–7 қыркүйек күндері әуежай қалыпты режимде жұмыс істейді, рейстер кесте бойынша орындалады.
Әуежай әкімшілігі ұшу кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін ескертеді.

