Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді
13.09.2022 15:13
Фото:
www.interfax.ru/
Депутаттардың елордаға Астана атауын қайтару туралы ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
« Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім. Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді. Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді» деп жазды Руслан Желдібай Фейсбуктегі парақшасында.
Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс.

27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады