Онлайн жария тыңдауларға қала тұрғындары және тілек білдірушілер елорда мәслихатының әлеуметтік желідегі ресми парақшасы арқылы қатыса алады. БАҚ өкілдеріне Zoom сервисінің платформасына қатысу үшін сілтеме қолжетімді болады."15 қыркүйек сағат 10:00-де осы мәселе бойынша онлайн тыңдаулар өтеді. Әлеуметтік желілерде, БАҚ-та жарияланған немесе қала мәслихатының maslihat_org@mail.ru поштасына жіберілген ұсыныстар есепке алынып, ертең жарияланады", - делінген ақпаратта.
Бұған дейін ономастикалық комиссияның кезекті отырысы өткен болатын. Күн тәртібіне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы мәселе талқыланды.
2 қыркүйекте парламент мәжілісінің "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері, елорданы Астана деп қайта атау туралы мәселе қозғаған. Олардың ұсынысы Конституциялық заң жобасына енгізілді.