©El.kz/Артем Чурсинов

«Астана Аренада» аншлаг: Қазақстан – Уэльс матчының билеттері сатылып кетті

02.09.2025 17:55

Қазақстан – Уэльс арасындағы матчқа арналған билеттер толықтай өтіп кетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

4 қыркүйекте елордадағы «Астана Арена» стадионы жанкүйерлерге лық толмақ.

Қазақстан құрамасы 29 тамыздан бастап Астанада оқу-жаттығу жиындарын бастады. Жанкүйерлер команда өз алаңында Уэльске қарсы сенімді ойын көрсететініне үміт артып отыр.

Еске сала кетейік, 4 қыркүйекте Қазақстан ұлттық құрамасы өз жанкүйерлерінің алдында Уэльспен кездеседі. Ал 7 қыркүйекте Брюссельде Бельгияға қарсы маңызды ойын өткізеді. Екі матч та 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтпек.