Астана әкімі жарықтың сөндірілуіне байланысты жағдайды түсіндірді
30.10.2023 00:27
Фото:
gov.kz
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін Instagram парақшасында елорадада жарықтың неліктен сөндірілгені туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Бірқатар шағын аудандарда апатқа байланысты желілерде электр қуаты жоқ. Барлық төтенше жағдайлар және коммуналдық қызметтер апатты жою үшін жұмыс істеп жатыр. Электр қуаты шахмат тәртібімен қайта қосылып жатыр: ішінара Оңтүстік-Шығыс, Мыңжылдық аллеясы, бірқатар тұрғын елді мекендері және т.б. Жақын арада барлық басқа учаскелер электр қуатына қосылатын болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз»,-делінген хабарламада.
Осыған дейін елорданың кейбір аудандарында жарық сөніп қалғанын хабарладық.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

