Астана әкімі Нұрбек Оралбайға көлік сыйлады
21.08.2024 20:31
Фото:
Астана қаласы әкімдігі
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай мен оның жаттықтырушысына арнайы сыйлық берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Боксшыға қымбат көлік кілті табысталса, жеке бапкері Асқар Еркебаевқа қаржылай сыйлық табысталған.
Демеушілер есебінен Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілті, ал жаттықтырушысына 10 млн теңгенің сертификаты табыс етілді. Спортшыларымызға биік-биік шыңдарды бағындыруын тілеймін! – деді Жеңіс Қасымбек.
Айта кетейік, Оралбай - Қазақстан ерлер құрамасы сапынан жүлдегер атанған жалғыз боксшы.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

