Жаңалықтар

Астана әкімі нөсерге байланысты мәлімдеме жасады

Астана әкімі нөсерге байланысты мәлімдеме жасады
Фото: © El.kz 25.05.2024 22:50 624

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парқшасында су басып қалатын көшелерің мәселесі қалай шешіліп жатқаны туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта Астананың нөсер кәріз жүйесі 18 тазарту құрылысынан және 1-ші жинақтаушы тоғаннан, ауданы 16,7 мың гектардан астам аумақты алатын жер үсті ағындарын бұратын 610,8 км болатын нөсер, дренаж және науа-арық кәріз желісінің магистральдық коллекторларынан тұрады.

Қалада 2019 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықта нөсер, дренаж және науа-арық кәріз желісінің магистральдық коллекторларының 400 км-ден астам желісі, 9 сорғы станциясы және 4 тазарту құрылысы салынды және реконструкцияланды.

Су басып қалатын екі негізгі учаске бойынша:

1) Жаңа Мега ауданы. Құрылыс ұйымдарының Хусейн бен талал даңғылындағы нөсерлі кәріз желісіне жер асты суларын заңсыз құюы және төгуі салдарынан 29/2 көшесін су басып қалды. Суды заңсыз төмендетудің жалпы көлемінің қуаты 4000 м3/сағ құрады. Қазіргі уақытта су төккен меншік иесі анықталып жатыр. Материалдар табиғатты қорғау полициясына беріледі.

2) Тұран даңғылы. Тұран даңғылы мен Ұлы дала көшесіндегі кәріз коллекторының жұмысы жеке құрылыс салушылар мен бірқатар үйдің заңсыз қосылуына байланысты шамадан тыс жүктеледі. Салдарынан оның толып кетуіне әкеледі. Сол сияқты тұрмыстық заттар, құрылыс материалдары және т.б. кәрізге тасталады, ал бұл сорғы жүйесі мен тазарту қондырғыларының дұрыс жұмыс істемеуіне әкеледі.

Нысан 16 жыл бұрын салынған. Бұл орында (Тұран және Ұлы дала даңғылдарының қиылысы) 40-тан астам арнайы техника жұмыс істейді. Жағдай бақылауда.

Бұдан бөлек, осыған дейін әкімдік Тұран даңғылында тағы бір магистральдық кәріз коллекторының құрылысын бастаған. Оның ұзындығы – 8 км, бұл қолданыстағы коллектордың ұзындығынан үлкен. Магистральдық кәріз коллекторы толықтай осы жылдың күзінде аяқталады деп жоспарланып отыр. Жұмыстың бір бөлігі аяқталды.

2023 жылы нөсерлі кәріз жүйелерін салу бойынша үш жобаны іске асыру аяқталды, оның аясында 10 км-ден астам магистральдық және таратушы нөсерлі кәріз коллекторлары салынды.

Биыл нөсер кәрізінің 5 жобасы бойынша жұмыс жалғасып жатыр, оның 3-еуін аяқтау жоспарланып отыр. Осы жобалар аясында 5 км-ден астам коллектор салынып, жаңа теміржол вокзалы ауданында тазарту құрылысының жұмысы аяқталады. Сондай-ақ, нөсерлі кәріз желілері мен құрылыстарын салу бойынша 8 нысанды жобалау жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ қазіргі уақытта «Астана қаласында 2035 жылға дейін нөсерлі кәріз жүйесін дамыту» техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға