Жаңалықтар

Астана әкімі экосенбілікке қатысқан тұрғындарға алғыс айтты

Астана әкімі экосенбілікке қатысқан тұрғындарға алғыс айтты
Фото: instagram.com/jenis_qasymbek 22.09.2024 02:30 705

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек экосенбілікке қатысқан елоралықтарға алғыс айтты. Бұл туралы шаһар басшысы желі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкім өз жазбасында биыл шаһарда жасыл аймақтар қатары көбейгенін, ауқымды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары ары қарай да жалғаса беретінін атап өтті.

Біз аулалар мен қоғамдық кеңістіктерге ғана емес, сол сияқты спорттық және мәдени нысандардың, оқу орындарының, қаланың көрікті жерлерінің және т.б. аумағына ағаш отырғызамыз. Биыл біз 1 миллионға тарта жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т.б.) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Олардың басым бөлігі қазірдің өзінде отырғызылды, сондай-ақ қаланың жасыл белдеуіне де егілді. Қалада экосенбіліктер мен дәстүрлі түрде өтетін күзгі ағаш отырғызу басталды. Бүгін экоакция және Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында елорданың барлық ауданында жалпықалалық сенбіліктер өтті. Оған қаланың 62 мыңнан астам тұрғыны қатысты: еңбек ұжымдары, шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар және т.б.), волонтерлер, спортшылар мен мәдениет қайраткерлері, МИБ (ПИК) және белсенді тұрғындар,-деп жазды Астана әкімі.

Айта кетсек, сенбілік барысында елордада 170 тоннадан астам қоқыс жиналып, 2 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға