Жаңалықтар

Астана әкімі әлеуметтік мәселеге қатысты азаматтарды қабылдады

Астана әкімі әлеуметтік мәселеге қатысты азаматтарды қабылдады
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 29.03.2024 22:51 717

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында баспана мәселесі қалай шешіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

«AMANAT» партиясы елордалық филиалының базасында азаматтарды қабылдадым. Қабылдау барысында тұрғындар негізінен тұрғын үй, тұрғын үй кешендерін жөндеу, әлеуметтік нысандар салу, медициналық және әлеуметтік көмек, абаттандыру және т.б. мәселелер көтереді. Тұрғын үй мәселесі бірнеше бағыт бойынша жүргізіліп жатыр. Біріншісі – кезекте тұрғандарға әлеуметтік пәтер салу. Биыл 3 мың 300-ден астам әлеуметтік пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, апатты және ескі тұрғын үйлерді бұзу жұмысы жоспарлы түрде жүріп жатыр. Биыл тозығы жеткен тұрғын үйлерден 4 мың 200 тұрғынды көшіруді жоспарлап отырмыз, - деді қала әкімі. 

Жеңіс Қасымбек сондай-ақ құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендері барын атады. Оның сөзінше, 150-ден астам тұрғын үй кешенінен биыл 10-ы ғана қалған.

Олардың құрылысын осы жылдың 1-2 тоқсанында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осылайша, ресми танылған құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендері бойынша мәселе жабылады. Бұған қоса, әлеуметтік нысандар құрылысының көлемі ұлғайды. Биыл Оқушылар сарайын, мемлекеттік балабақшалар салуды бастаймыз. Мектептерге тоқталар болсақ, 2024-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 90 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымды) арналған 24 мектеп салынады. Сол сияқты өзге де мемлекеттік мектептер саламыз әрі жеке инвестициялар тартамыз. Азаматтарды қабылдаулар барысында көтерілген мәселелерді назарда ұстаймыз, – деді Астана әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға