Астана әкімі Александр Руденконың отбасына көңіл айтты
03.08.2023 18:18
Фото:
Астана әкімдігінің ресми сайты
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында өзге біреуді құтқарамын деп өз өмірін қиған Александр Руденконың отбасына барып, көңіл айтқанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Щучье көлінде батып бара жатқан баланы аман алып қалу үшін өз өмірін қиған педагог Руденко Александр Ивановичтің отбасында болдым. Мемлекет басшысының атынан оның отбасына ІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыс еттім.
Александр Ивановичтің отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Александр Иванович ұлағатты ұстаз, өз ісінің білікті маманы еді, елордадағы №32 мектеп-гимназиясында еңбек етті. Ол – біздің қаһарманымыз, оның сын сәттегі батылдығы мен жанқиярлық ерлігі мәңгілік есімізде сақталады, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

