Жаңалықтар

Астана әкімдігі ұйымдастырған журналистер арасындағы байқау жеңімпазы 1 млн теңге алады

Астана әкімдігі ұйымдастырған журналистер арасындағы байқау жеңімпазы 1 млн теңге алады
Фото: ©El.kz 17.06.2024 18:08 321

Елорда күніне орай БАҚ өкілдері арасында үздік жарияланымдар, репортаждар, БАҚ және әлеуметтік желілердегі Астананың дамуы туралы сюжеттер байқауы жүріп жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Байқауға қатысуға барлық қазақстандық БАҚ өкілдері шақырылады. Байқауды Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қалалық Коммуникациялар қызметі ұйымдастырады.

Астана туралы 2023 жылдың 1 маусымынан 2024 жылдың 23 маусымына дейінгі кезеңде жарияланған/эфирге шыққан мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі материалдар қабылданады. Бір қатысушы конкурсқа 1 материалдан артық емес және тек бір номинация бойынша ұсына алады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Үздік журналист-сарапшы» – елорда туралы баспа басылымдарында жарық көрген сараптамалық материалдар;
2) «Үздік шолушы» – Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы интернет-басылымдардағы материалдар;
3) «Үздік радиорепортаж» – Астанаға арналған радиосюжеттер;
4) «Үздік телесюжет» – қала өмірі туралы телесюжеттер;
5) «Үздік мобилограф» – аэро түсірілімді қолдана отырып, мегаполис өмірі туралы бейнероликтер;
6) «Үздік фоторепортаж» – Астана туралы фотосуреттер;
7) «Әлеуметтік желідегі Астананың 25 жылдығы туралы үздік материал» арнайы номинациясы – әлеуметтік желідегі үздік материалдарды анықтауға бағытталған. Әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram және TikTok) танымал топтар мен пабликтер қатысуға өтініш бере алады;
8) «Астана қаласы Маслихаты жайлы үздік материал».

Номинациялар бойынша жеңімпаздарды белгілі журналистерден, медиа-сарапшылардан және елордадағы осы саланың құрметті өкілдерінен құралған конкурстық комиссия айқындайтын болады.

Ең үздік жұмыс ақшалай сертификаттармен ынталандырылады. Бірінші орын – 1 миллион теңге, екінші орын – 500 мың теңге, үшінші орын – 300 мың теңге.

Өтінімдер 2024 жылдың 23 маусымына дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін sluzhbakommunikatsiy@mail.ru  поштаға келесі деректер жіберу керек:

  1. Т.А.Ә.
    2. жұмыс орны;
    3. мақалаға сілтеме немесе фото / видео материал;
    4. номинациялардың қайсысына үміткерсіз;
    5. байланыс деректері.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: +7 (778) 812 25 60.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға