© El.kz/Ербол Бекболат/Midjourney

Астана әкімдігі түлектерге бөлген грант иегерлері белгілі болды

Астана әкімдігінің қаулысымен 2025-2029 оқу жылдарына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Әкімдіктің мәліметінше, педагогикалық мамандықтар бойынша 526 грант бөлінді. Оның ішінде жоғары оқу орындарына педагогикалық бағыттарда (педагогика және психология, математика, информатика, орыс тілі мен әдебиеті, физика, арнайы педагогика, психология) 265 грант орналастырылды.

ҰБТ-дан өтіп, «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша кемінде 75 балл жинаған талапкерлер педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру грантына үміткер бола алды.

Айта кетсек, білім басқармасының мемлекеттік білім беру грантына құжаттарды қабылдау 7-17 тамыз аралығында жоғары оқу орындары арқылы жүргізілді. Нәтижелер 21 тамызда Астана әкімдігінің және қалалық білім басқармасының сайттарында жарияланды.