Астана әкімдігі көлік жүргізушілеріне ескерту жасады
25.05.2025 06:25
Фото:
Астана қаласы әкімдігі
Астанада Солтүстік айналма жолының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Солтүстік айналма жолының 191 көшесінен Өндіріс тас жолына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жүргізеді.
Басқарма мәліметінше, осыған байланысты 26 мамыр мен 10 маусым аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

