Жаңалықтар

Астанаға 400-ден аса мұғалім не үшін жиналды?

Заманауи білім беру ресурстары және білім беру жүйесінің тиімділігі
29.06.2016 11:21 5527

Астанада «Заманауи білім беру ресурстары және білім беру жүйесінің тиімділігі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Астанаға 400-ден аса мұғалім не үшін жиналды?

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Заманауи білім беру ресурстары және білім беру жүйесінің тиімділігі» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Астанаға 400-ден аса мұғалім не үшін жиналды?

Іс-шара екі күнге созылып, конференцияға еліміздің 16 облысы мен алыс-жақын шет елдерден 470 адам қатысты. Қатысушылар қатарында — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, өңірлік білім басқармалары мен білім бөлімдерінің өкілдері, оқу басылымдарының авторлары мен сарапшылары, жоғары оқу орындары мен колледждердің, орта білім беру ұйымдарының басшылары мен ұстаздары, сонымен бірге, Ұлыбритания, Канада, Венгрия, Греция және Ресей Федерациясының жетекші ғалымдары мен ірі баспа өкілдері бар.

Астанаға 400-ден аса мұғалім не үшін жиналды?

Бейбіткүл Кәрімова, «Оқулық» республикалық ғылыми - практикалық орталығының директоры:  

— Конференцияның бірінші күні пленарлық мәжілісте Венгрия, Грекия, Ұлыбритания  және Канадан келген қонақтарымыз өз тәжірибелерімен бөлісті. Екінші күні барлық қатысушыларға арнап диалогтық алаңдар ұйымдастырдық. Бұл алаңда оқулықты жазып шыққан авторлар өз әріптестеріне жазған жұмысымен таныстырып, айтылған сын-пікірлер мен сұрақтарға жауап берулері қажет. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мұғалімдер бір-бірімен тәжірибе алмасып қана қоймай, бізге нақты ұсыныстарын білдірулеріне болады.   

Астанаға 400-ден аса мұғалім не үшін жиналды?

Конференцияның басты мақсаты – білім беру ресурстарының сапасын арттыру, жаңартылған білім мазмұнындағы оқу әдебиеттері мен оқытудың заманауи ақпараттық құралдарын әзірлеу және қолданысқа енгізу тұрғысында білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, нақты ұсыныстар енгізу. Іс-шара барысында білім берудегі ғаламдық тұжырымдамалар, әлемдік трендтер және олармен байланысты міндеттер талқыланды.

Астанаға 400-ден аса мұғалім не үшін жиналды?

Конференция аясында «Жаңа білім беру ресурстары және XXI ғасыр дағдыларын дамыту» тақырыбындағы көрменің тұсаукесері өтті. Ғалымдар білім берудің сапасы мен тиімділігін арттырудағы ақпараттық және басқа да білім беру ресурстарының мүмкіндіктерін жан-жақты талқылап, шеберлік-кластар өткізді.

Астанаға 400-ден аса мұғалім не үшін жиналды?

Сонымен бірге, ұстаздар үшін әдіснамасындағы жаңа көзқарастар, білім беру ресурстарының өзгеруі, оқу әдебиеттерін әзірлеу және сапасын көтеру мәселелерін талқылайтын арнайы диалогтық алаңдар ұйымдастырылды. Ұстаздар бұл алаңда тақырыпқа қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Астанаға 400-ден аса мұғалім не үшін жиналды?

Конференция барысында биылғы оқу жылында қолданысқа енгізілетін 1-сыныптың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің таныстырылымы бойынша авторлардың бастауыш мектеп мұғалімдері мен әдіскерлеріне арналған брифингі ұйымдастырылып, авторлар мен оқулық сарапшыларына арналған оқыту курстары мен тренингтер өткізілді. Конференция жұмысының қорытындылары бойынша нақты ұсыныстар қабылданып, өзекті мәселелердің түйіні шешілді. 


Рустем ӘЛПИ 

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға