Жаңалықтар

Астанаға "Көктем келді!"

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде жүзеге асырылып жатқан «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» атты жоба аясында «Көктем келді» көрмесі ашылды
20.03.2015 06:00 6563

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде жүзеге асырылып жатқан «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» атты жоба аясында «Көктем келді» көрмесі ашылды

Астанаға "Көктем келді!"

Көрмеге бейнелеу өнерінің әртүрлі бағыттары мен стилінде жұмыс жасайтын танымал қазақстандық шеберлердің көркем туындылары қойылды. 

Астанаға "Көктем келді!"

Астанаға "Көктем келді!"
Музейге келген көрермендерге бірегей суретші Орал Таңсықбаевтың (1904-1974) реалистік туындыларын, ҚР Халық суретшісі Жаңатай Шарденовтың (1927-1992) пейзаждарын, Тоқболат Тоғызбаевтың (1940-1996) символды-монументальды суреттерін, таланты суретші, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Евгений Сидоркиннің (1930-1982) асқақ эпикалық бейнелерін, ұлттық көркем сурет мектебіндегі белгілі тұлға Сабыр Мамбеевтің ғажайып пейзаждарын, сол сияқты Еуропаның станокты дәстүрлі өнерінің Азия көшпелілері көркем мұраларындағы тасқа салу өнерімен синтезделген Амандос Ақанаевтың да еңбектерін, Ағымсалы Дүзелхановтың ерекше талғамды суреттері мен қазақ сюрреализмінің негізін қалаушы Ерболат Төлепбаевтың жұмыстарын көруге мүмкіндік туып отыр.

Көрмедегі жұмыстарды толықтай мына сілтемеден көре аласыздар...


Әзірлеген: Досжан Мейірбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға