Жаңалықтар

Ассамблеяның 20 жылдығына арналған флеш-моб

Толеранттылық, достық пен бауырластық қарым-қатынастардың ұйытқысына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтпек.
10.02.2015 14:05 9058

Толеранттылық, достық пен бауырластық қарым-қатынастардың ұйытқысына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтпек. Бұл атаулы датаға орай  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Ассамблеяның XXI сессиясында 2015 жылды Ассамблея жылы деп жариялаған болатын. Сөйтіп, бүкіл қазақстандықтар үшін қой жылы той жылына ұласқалы отыр. Еліміздің түпкір-түпкірінде Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Ассамблеяның 20 жылдығына, және Конституцияның 20 жылдығына орайластырылған мерекелік шаралар басталып кетті. Әсіресе жастар жағы аталмыш мерекелік шараларға белсенді ат салысуда.

Ассамблеяның 20 жылдығына арналған флеш-моб

Ассамблеяның 20 жылдығына арналған флеш-моб

Алматы қаласындағы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арналған флеш-мобқа қатысты. Олар бір қолына Қазақстанның туын ұстап, біразы ұлттық киімдерін киіп, патриоттық сарындағы әндерге би биледі. Университеттің орталық алаңына жиналған жастар өзара қалжыңдасып, көңілді тарқасты. Шараны ұйымдастырушы – университет ішіндегі «Бірлік» шағын ассамблеясы мен Университеттің студенттік комитет өкілдері бұл шараның осы жылға соңғы емес екенін айтты.

Ассамблеяның 20 жылдығына арналған флеш-моб

Ассамблеяның 20 жылдығына арналған флеш-моб

Қазақстан – бірегей ел. Біздің қоғамда әр түрлі мәдени элементтер бірімен араласып кеткен, олар бірін-бірі толықтырып, бір-біріне нәр беріп тұрады. Осы фактор барлық қазастандықтардың ішкі жан-дүниесін байытып, ортақ тәрбиеге баулиды. Қазіргі таңда Қазақ ұлттық медицина университетінде әлемнің жиырмадан астам елінен 36 ұлттың студенттері білім алуда. Өткізілген флэш-мобта студенттер өз дәстүрлері мен өнерлерін ортаға салды.

Ассамблеяның 20 жылдығына арналған флеш-моб

Ассамблеяның 20 жылдығына арналған флеш-моб

Ассамблея жылындағы іс-шаралардың бәрі еліміздің Тәуелсіздік алған уақыттан бергі жетістіктерін көрсетуі, қазақстандық бірегейлікті қамтамасыз ететін рухани шоғырланудың қуатты факторы болуы тиіс. 2015 жыл – «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жарияланғаннан бері ҚХА оны өткізудің тұжырымдамасын дайындаған екен. Ол туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кеңейтілген отырысында ҚХА Төрағасының орынбасары –  Ералы Тоғжанов баяндама жасаған болатын. «Ассамблея жылы дегеніміз – Ассамблеяның жеке мерекесі емес, бұл Тәуелсіз Қазақстанның бейбітшілік және келісім саясатының жылы; халқымыздың жарасымды ынтымағы мен берекелі бірлігінің арқасында қол жеткізілген жемістер жылы; халықтың даналығына негізделген Нұрсұлтан Назарбаевтың келісім моделінің жылы; бірлігі баршамыздың бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтатын Тәуелсіздіктің ұлы рухы асқақтайтын жыл», деді ол.

Ассамблеяның 20 жылдығына арналған флеш-моб

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша,  Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында ҚазҰМУ-да білім алып жүрген барлық ұлт өкілдірінің ұлттық мәдениет күндері атап өтілетін болады.

Ассамблеяның 20 жылдығына арналған флеш-моб

Халықтың бірлігі қоғамдық келісімге негізделетіні ақиқат. Ендеше ел дамуындағы басым қозғаушы күш болып саналатын бейбітшілік пен келісім ең алдымен ел болашағы үшін маңызды. 


Материалды әзірлеген - Самал Жайлаубек

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға