Жаңалықтар

Ассамблея – қазақстандық менталитеттің ажырамас бөлшегі

Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі әрбір этностың мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік.
13.05.2015 12:38 5793

Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі әрбір этностың мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік. Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастырушы институт ретінде қалыптасып болды деп есептеуге толық негіз бар. Ассамблея Қазақстан азаматтарын отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту ісіне өлшеусіз үлесін қосып келеді.

Ассамблея – қазақстандық менталитеттің ажырамас бөлшегі

 

Владимир Соцков, генерал:

Ассамблея «имидж» үшін емес, қарапайым адамдар, қазақстандықтар үшін құрылған. Біз бәріміз бір шепте тұрмыз. Біздің ел үшін , халық үшін қызмет етіп жатқан президентіміз бар. Елбасымыздың, Ассамблеяның арқасында Қазақстан өзін бүкіл әлемге достық пен келісім орнаған ел ретінде таныстырды. Ассамблеяны қазақстандық менталитеттің ажырамас бөлшегі деуге болады.

Әділ Дүйсенбек, жазушы:

Қазақстан халқы Ассамблеясы – елді біріктіруде өзіндік рөлі, бетпердесі бар ұйым. Бұны тек қана қазақстандықтар емес, басқа елдің адал ниетті адамдары да үлгі тұтып, бізбен тәжірибе алмасуға ниет білдіріп жатыр.

Ассамблея – қазақстандық менталитеттің ажырамас бөлшегіБақытжан Ертаев, Халық қаһарманы:

Ассамблеяның архитекторы – аса құрметті Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұндай Ассамблея басқа ешқандай елде жоқ. Ассамблея бүкіл әлемге үлгі. Қаншама ұлт пен ұлыс бір әулетте өмір сүріп жатырмыз. Оның бәрі ел бірлігінің, біздің бабаларымыздан қалған асыл қасиеттер – кеңпейілдік пен сыйластықтың арқасында. Қазақта «су таусылса, жер құриды, рух таусылса, ел құриды» деген сөз бар. Рух таусылмау керек. Осы татулықты сақтауда әрқайсысымыз жауаптымыз. Бірлікте – билік, бірлікте – байлық. Қазақтар шешеннің де, тәжіктің де биін билей алады. Осыншама жылдың ішінде біздің мәдениеттеріміз тоғысып, мультимәдениет қалыптасты. Біз осы достығымызды бүкіл әлемге айтып, мақтан тұтамыз.

Ассамблея – қазақстандық менталитеттің ажырамас бөлшегіАйткүл Самақова, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Ассамблея 1995 жылы біздің президентіміз – Елбасымыздың бастамасымен құрылған болатын. Ондағы мақсат не еді? «Қазақстанда 130-дан астам ұлт тұрады. Соларда ауызбіршілік болсыншы, ұлттар бөлінбесінші, тәуелсіз Қазақстандағы ұлттар өздерін кем сезінбесінші» деген ниет еді. Биыл міне Ассамблеяға 20 жыл толып жатыр. Қазақстан халықтары осыны мақтаныш тұтады. Бір мемлекетте дәл осындай Ассамблеядай халықтардың басын қосқан құрылым ешкімде жоқ. Шетелдік әріптестерім маған «бұл үлкен жетістік» деп, жиі айтып жатады. Расында да, бұл Ассамблея Елбасымыздың көреген саясатымен, елге деген адал қызметімен келген нәрсе. Біз осыған қуаныштымыз, осыны мақтан тұтамыз. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға