Жаңалықтар

Ассамблея сессиясына Павлодардан 31 делегат қатысты

Ассамблея сессиясына Павлодардан 31 делегат қатысты
03.05.2018 11:20 1489

Астана қаласының Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясына Павлодар облысынан құрамында 31 адамнан тұратын делегация қатысты.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында олар сессиядан алған әсерлерімен бөлісті.

 – 28-сәуір күні өткен  кездесуге Елбасы Нұрсұлтан Назарабаев қатысып, баяндама жасады, - деді Павлодар облысы бойынша ҚХА төрағасының орынбасары Сейсембай Жетпісбаев. - Сессия жыл сайын ерекше өтеді. Бұл жолы біздің өңірден Қазақстан халқы Ассамблеясынан 31 адам қатысты. Мемлекет басшысы көптеген маңызды міндеттер қойды. Әсіресе, бейбітішілік пен келісімді сақтауда Ассемблеяның маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Оның ішінде этномәдени бірлестіктердің жеткшілері де өз еңбектерімен үлестерін қосуда.

Облыстық келісім кеңесінің төрағасы Идиат Әбдіқалықов өңірде 114 қоғамдық келісім кеңес жұмыс істейтінін атап өтті.

– Елбасы бес әлеуметтік бастамасына кеңінен тоқталып өтті, – деді Идиат Әбдіқалықов. – Бұрынғы жылдармен салыстырғанда биылғы сессия ерекше өтті. Президент қоғамдық келісім кеңестерінің орны мен мақсаттарын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, аудандық және қалалық деңгейде бюджетті қарастыру мәселесі айтылды. Бұған дейін мұндай мәселе көтерілмейтін. Себебі, бүгінгі таңда жаңа технологиялар енгізілуде. Аймақтардағы экономиканың дамуына Ассамблея мүшелері атсалысуы керек. Бұл – біз үшін үлкен сенім әрі зор жауапкершілік. Біздің облыста да жаңа айтылған қоғамдық кеңестер келешекте үлкен міндеттер қойып отыр. Біріншіден, бес бастаманы іске асыру қажет.

Бұдан басқа, «Беларусь» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Любовь Богнат, «Эльбрус»  қарашай-черкес және қабардин-балкар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мария   Байрамкулова және басқалары өз ойларын ортаға салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға