Асқар Забикулинді еске алу турнирі мәресіне жетті
Фото: t.me/qr_tjm
Фото: t.me/qr_tjm
19.08.2023 17:25
1267
Төтенше жағдай саласы бойынша алты өңірдің құтқарушылары Асқар Забикулинді еске алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
18 тамызда өрт сөндіру кезінде қаза тапқан батыр Асқар Забикулиннің туған жері Біржан Сал ауданындағы Степняк қаласында шағын футболдан турнир өтті.
Қатысушылар Астана қаласы ТЖ департаментінің өрт сөндірушісі Асқар Забикулинді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Қарағандылық құтқарушылар, екінші орынды Павлодар облысының және үшінші орынды Ақмолалық құтқарушылар иеленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға