Жаңалықтар

Асқар Ақаевқа экс-президент мәртебесі қайтарылған жоқ

Асқар Ақаевқа экс-президент мәртебесі қайтарылған жоқ
Фото: © El.kz 25.09.2024 11:15 544

Қырғызстан парламенті Асқар Ақаевтың экс-президент мәртебесін қайтару туралы өтінішін қанағаттандырмады. Бұл туралы 24.kg сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

3 қыркүйек күні Жогорку Кенешке Асқар Ақаевтан бұрынғы президент мәртебесін қайтару туралы өтініш түскен. Бұл хат Жогорку Кенештің конституциялық заңнама комитетіне жолданған. Ал аталған комитет мүшелері депутаттарға өтінішті қанағаттандырмауға кеңес берген. Парламент өкілдері комитет ұсынысын қолдаған.

Асқар Ақаев тәуелсіз Қырғызстанның бірінші президенті болды. Ол 1990 мен 2005 жылдар аралығында басшылық етті. 2005 жылғы 25 наурызда революция кезінде оны тақтан тайдырды. Сол уақыттан бері ол шетелде тұрады. Өзіне және отбасына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы да ақпарат тараған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға