facebook.com/АспанбекШұғатаев

Аспанбек Шұғатаев халықаралық айтыстың бас жүлдесін иеленді

27.07.2025 08:36

Павлодар облысында Иса Байзақовтың 125 жылдығына арналған халықаралық айтыста белгілі ақын Аспанбек Шұғатаев топ жарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан мәлімдеді. Желіде жазба жариялаған ол павлодарлық ақынның аламан айтыста үздік атанғанын атап өтті.

«Ән мен жырдың дүлдүліне баланған Иса Байзақовтың 125 жылдығына арналған халықаралық аламан айтыстың бас жүлдесіне тігілген автокөлікті дауылпаз ақын Аспанбек бауырым тізгіндеді! Құтты болсын, Бауырым! Аламандарда алқынбай шаба бер!», - деп жазды Жанарбек Әшімжан.