Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов «Білімді ұлт» сапалы білім беру» жобасының іске асырылуы туралы айтты

2021 жылдың қорытындысы бойынша 534 жаңа балабақша ашылды
Асхат Аймағамбетов «Білімді ұлт» сапалы білім беру» жобасының іске асырылуы туралы айтты
Фото: Үкімет 09.08.2022 10:19 1587

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz

«2021 жылдың қорытындысы бойынша: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда 47,1 мың орынға 534 жаңа балабақша ашылды. Нәтижесінде 2-6 жастағы балаларды қамту 88,4%-ды, 3-6 жастағы балаларды қамту 99%-ды құрады. Ерекше білімді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтуды ұлғайту үшін 8 ПМПК және 6 түзету кабинеті, биыл тағы 3 ПМПК мен 4 түзету кабинеті ашылды. Нәтижесінде 175 мың мүмкіндігі шектеулі бала арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылды», - деді министр.

Министрдің дерегінше, білім беру сапасын арттыру мақсатында шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда 1015 мектеп жаңғыртылды. 

«949 мектепке жоспар бойынша 1825 пән кабинеті сатып алынды. 2022 жылы: 34 мың орынға 322 балабақша ашу жоспарланған. Оның ішінде 6 айдың қорытындысы бойынша 12,9 мың орынға 140 балабақша ашылды. 1003 ауылдық мектепті жаңғырту жоспарланған. 2022 жылы 214 мың орынға 225 мектеп салу жоспарланды, оның ішінде қазіргі уақытта 22 мың орынға 49 мектеп пайдалануға берілді», - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға