Әскерилерге зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі нұсқаулық бекітіледі
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
23.12.2023 19:21
1077
Қорғаныс министрлігі қорғаныс ведомствосы басшысының «Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» бұйрығының жобасын дайындады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Бұл құжат ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 734 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. Құжат әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауды, қайта есептеуді, тоқтатуды, тоқтата тұруды, қайта бастауды және жүзеге асыруды егжей-тегжейлі көрсетуге бағытталған.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2024 жылғы 9 қаңтарға дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14873512 сілтеме бойынша танысуға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға