Жаңалықтар

Әскери спортшылар Ереванда өткен әлем чемпионатында үш жүлде иеленді

Әскери спортшылар Ереванда өткен әлем чемпионатында үш жүлде иеленді
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 21.11.2024 22:43 541

Армения астанасында халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қамқорлығымен әскери қызметшілер арасында күрестен 37-ші әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тартысты белдесулердің кейбір нәтижелері қазірдің өзінде белгілі болды. АОСК балуандары еркін күрестен алтын медаль, сондай-ақ грек-рим және әйелдер күресінен екі қола медаль ұтты.

Ресей, Моңғолия және Иран балуандарымен жекпе-жекте өзінің артықшылығын көрсетіп, Үнді спортшысымен шешуші жекпе-жекте 6:2 есебімен жеңіске жеткен ефрейтор Мейіржан Әшіров 70 келі салмақ дәрежесінде еркін күрестен әлем чемпионы атанды.

Грек-рим күресінен колумбиялық балуанды жеңген кіші сержант Айдос Сұлтанғали (60 келі) қола жүлдегер атанды.

ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Светлана Анкичева (50 келі) да қола жүлде алды алды. Швейцария мен Моңғолиядан келген спортшыларға есе жіберген ол қола жүлде үшін шешуші жекпе-жекте АҚШ өкілін 10-0 есебімен жеңді.

Жарыс 24 қарашаға дейін жалғасады. Оған ҚР Қарулы күштерінің 19 балуаны қатысып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға