Жаңалықтар

Әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы мерекемен құттықтады

Әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы мерекемен құттықтады
Фото: Қорғаныс министрлігі 01.10.2024 20:15 85

Алматы қаласы қорғаныс істері департаментінің әскери қызметшілері мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары  әйгілі опера әншісі Бибігүл Төлегенованы Қарттар күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отан қорғаушыларымен кездескен әнші әскери мамандықтың ерік-жігер мен төзімділікті қажет ететініне тоқталды. Әйтсе де кез келген жағдайда табысқа жету үшін еңбекқорлық пен өзің таңдаған іске деген адалдық қажет екенін атап өтті.

Әскери адамдар әрқашан елінің тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігі үшін кез келген құрбандыққа баруға дайын. Бұл сіздердің асыл мұраттарыңыз әрі өте жауапты міндеттеріңіз, – деп атап өтті Бибігүл Ахметқызы. 

Әскери қызметшілер мен курсанттар әншіге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және шығармашылық табыс тіледі. 

Біз аңыз адам, тамаша талант иесін құттықтау құрметіне ие болдық. Оған өте қуаныштымыз. Біз үшін Бибігүл Ахметқызы өнерге деген адалдықтың, үлкен рух пен күш-жігердің және өмірлік энергияның үлгісі, – деді 4 курс курсанты Жандос Ұлдахан.

Курсанттар опера әншісіне өлең оқып, домбырамен ән салып берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға