Арнайы операциялар күштерінде қызмет ететін майор Вадим Федосеев қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ресей Федерациясының астанасында өткен жарысқа 18 елдің спортшысы қатысты.
73 келіден асатын салмақтағы майор Вадим Федосеевтің қарсыластары Түркіменстаннан және Ресейден келген спортшылар болды. Соңғы жекпе-жекте оотандасымыз Өзбекстан өкілін 11:7 есебімен жеңді.
Халықаралық әуежайда чемпионды әріптестері қошеметпен қарсы алды, олар әскери қызметшіні чемпиондық белбеуді жеңіп алуымен жылы құттықтады.
Спортшы бұған дейін де қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан қорғаныс министрі кубогының және әлем чемпионатының, армия қоян-қолтық ұрысынан ТМД чемпионы атанған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

