Жаңалықтар

Әскери-ғылыми кітапхана қорында 2000-нан астам кітап цифрландырылды

Әскери-ғылыми кітапхана қорында 2000-нан астам кітап цифрландырылды
Фото: gov.kz 24.10.2024 23:02 387

Қазақстанда кітапханашылар күні атап өтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір қарағанда, кітапханашылардың көзге көрінбейтін жұмысы көптеген әскери мамандардың қызметін едәуір жеңілдетеді, оларды қажетті әдебиеттермен және құнды біліммен қамтамасыз етеді. 

Кітапхана қорын есепке алу және сақтау процестерін автоматтандыру ақпаратқа қол жетімді етуді айтарлықтай жеңілдетеді. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінде жұмыс істейтін әскери-ғылыми кітапхананың қызметкерлері өз қызметінде музей құндылықтарын автоматтандырып, есепке алудың лицензияланған бағдарламасы «Музей» АЖ пайдаланады. 

Бұл музей, мұрағат және кітапхана саласындағы алғашқы сәтті жүзеге асырылған жоба. Бүгінгі таңда электрондық кітаптар тізіміне екі мыңнан астам басылым енгізілді. Әскери-ғылыми кітапхананың кітап қорында ғылыми, әскери-тарихи, салалық, анықтамалық және көркем әдебиеттің алты мыңнан астам данасы бар.

Әскерден кейін жоғары оқу орнына түсуді жоспарлап отырған сарбаздар үшін электронды кітапхана құрылды. Ол «Срочники 2.0» платформасында орналастырылған. Білім беру жеңілдіктерін пайдаланатын әскери қызметшілерге электронды планшет беріледі, оның көмегімен оқуға түсу үшін қажетті пәндер бойынша олар оқу бағдарламасын қарап, қайталай алады.

Әскери-тарихи кітапхананың кітап қорын қалыптастыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің кітапханасы, сондай-ақ Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты және басқалары едәуір көмек көрсетті.

Кітап қорын қалыптастыруда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің кітапханасы, сондай-ақ Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты және басқалары көп көмек көрсетті.

Кітапханашылар әскери тарихты насихаттау, маңызды іс-шараларды, естелік оқиғалар мен мерейтойлық даталарды қолдау тұрғысынан ауқымды жұмыс жүргізеді. Биыл қоғам қайраткері, жазушы-этнограф Зейнеп Ахметова Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармасын әскери-ғылыми кітапханаға тапсырды.      

Кітапханалар бұдан бөлек Астанадағы Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы әскери-тарихи музейінде, гарнизондардың мәдени-демалыс орталықтарында, әскери бөлімдерде, әскери жоғары оқу орындарында, колледждерде және «Жас ұлан» республикалық мектептерінде табысты жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға