Әскери бөлімдерге тарихи тұлғалардың есімі берілді
Мөлдір Қайнар тілші
27.11.2024 11:18
Фото:
gov.kz
Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің төрт әскери бөліміне Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Мартбек Мәмраев және Есет батырдың есімдері берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет қаулысында министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде: реттік нөмірлері 1, 2, 3 және 3-1-жолдар төмендегідей редакцияда жазылсын делінген.
- “1. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің «Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
- 2. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің «Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
- 3. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің «Мартбек Мәмраев атындағы 52859 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
- 3-1. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің «Есет батыр Көкіұлы атындағы 20982 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі” деп келтіреді қаулыны КазТАГ агенттігі.
Қосымша өзгерістер:
Төтенше жағдайлар министрлігінің функцияларына жаңа тармақтар енгізілді:
- 189-2): Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен белгіленген тәртіп пен мерзімде петицияларды қарау.
- 189-3): Цифрлық трансформацияны жүзеге асыру.
Үкімет қаулысы күшіне енді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

