Әскерге барған жастарға жеңілдік жасалады - Тоқаев
EL.KZ Информационно-познавательный портал
05.05.2023 18:26
Фото:
ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскерге барған жастарға берілетін жеңілдіктерді айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бүкілармиялық кеңеске қатысқан мемлекет басшысы әскери қызметте “әлеуметтік лифттің” болуы маңызды екенін ерекше атап өтті. Сол арқылы жастардың қоғамнан өз орнын табуға мүмкіндік берілуі тиіс.
Қазір осы бағытта нақты жұмыс жасалып жатыр. Әскери борышын өтеп келген азаматтар енді жоғары оқу орнына жеңілдікпен түседі. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар несиесін төлеу міндетінен уақытша босатылады. Сондай-ақ олар өздері қаласа, армия қатарынан нақты мамандық алып шығады. Жалпы, сарбаздарды әлеуметтік қолдау шараларын мейілінше көбейту қажет, - деді Президент.
Оның айтуынша, әскерде жүрген жастар нағыз сарбаз, нағыз маман болып шығуға міндетті.
Әскери адамдар өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болуға тиіс. Әскери қызметшілерге жақсы жалақы төленуі керек. Үкімет Күштік құрылымдарға еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне көшкен кезде осыны ескеруге тиіс, - деді мемлекет басшысы.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

