baq.kz

«Ашық диалог» порталымен басшыларға сауал жолдау қызметі жабылды

10.02.2023 15:21

«Ашық диалог» порталы арқылы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына сауал жолдау қызметі жабылды. Бұл туралы электронды үкімет порталының әлеуметтік желілердегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Ашық диалог» порталында блог-платформа сервисі арқылы орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың басшыларына сұрау салу қызметі жабылғанын хабарлаймыз. Енді сіз «Е-otinish» арқылы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүгіне аласыз», - делінген Instagram желісіндегі Еgov.kz парақшасында жарияланған хабарламада.

Аталған өзгеріс «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң аясында енгізілген.

Электронды үкімет порталының дерегінше, «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немес өтініш берген азамат мемлекеттік орган шешім қабылдаған уақытқа дейін өз пікірін білдіре алады. Ал тиісті құзырлы органнан жауап алған соң, оған баға беруге болады.